VisitAstana.kz туристік порталының редизайны

Жеке кабинеті, AI-чат-боты және экскурсияларды брондау модулі бар гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған сервис

Міндет

VisitAstana.kz ресми туристік порталы үшін біздің команда пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында редизайн жүргізіп, гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған мамандандырылған сервис әзірледі. Сонымен қатар сайттың іздеу жүйелеріндегі көрінуін арттыру және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажет болды.

Сын-қатерлер

  • Қолданыстағы нұсқаның әлсіз тұстарын талдау негізінде сайт құрылымы мен навигациясын жақсарту.
  • Туристерге гидті тауып, экскурсияны тікелей сайтта брондауға мүмкіндік беру.
  • Пайдаланушы тіл ауыстырғанда ағымдағы бетін жоғалтпай, порталдың төрт тілде жұмысын қамтамасыз ету.

Не істедік

UX/UI-талдау және редизайн жүргізілді. Жаңа құрылым мен навигация әзірлеп, негізгі беттердің адаптивті беттелуі бар бірнеше дизайн нұсқасын дайындадық.

«Гидтер және экскурсия жүргізушілері» модулін әзірленді. Гид құжаттарымен бірге өтінім береді, фотосуреттері мен қызметтері бар профиль жасайды, ал турист күнтізбе арқылы экскурсияны брондайды.

Гидтің жеке кабинетін жасадық. Гид профилін өзі өңдейді, кестесін басқарады және статистиканы көреді.

Әкімшілік панельді баптадық. Әкімші, контент-менеджер, модератор және гид үшін қолжетімділік құқықтарын бөлдік.

Жасанды интеллект чат-ботын енгіздік. Бот өтініш тілін анықтап, типтік сұрақтарға төрт тілдің барлығында жауап береді.

SEO-оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Семантикалық ядроны, метатегтерді, sitemap, микроразметканы және аналитиканы (Google Analytics, Яндекс Метрика) баптадық.

Қорғау мен қолдау қамтамасыз еттілді. SSL, DDoS және SQL-инъекциялардан қорғау, апта сайынғы резервтік көшіру, контентті 2 сағат ішінде жариялау.

Нәтиже

Туристер гидті үшінші тарап сервистерінен іздемей-ақ тікелей сайттан тауып, экскурсияны брондайды.

Портал төрт тілде жұмыс істейді, мобильді құрылғыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген.

AI-чат-бот туристердің типтік сұрақтарына олардың тілінде жауап береді және қолдау қызметкерлерін тартуды қажет етпейді.

Технологиялар

  • SEO және аналитикасемантикалық ядро, JSON-LD, Google Analytics, Яндекс Метрика
  • ҚауіпсіздікSSL, DDoS, XSS, CSRF-шабуылдардан қорғау, резервтік көшіру
  • Функционалқұқықтарды бөлуі бар әкімшілік панель, AI-чат-бот

Команда

  • Салима
    Проектный менеджер
  • Дастан
    Web мастер
  • Арлан
    Web мастер
  • Амир
    Тестировщик
  • Артем
    Дизайнер
  • Кирилл
    Back end разработчик
  • Нұргелді
    Front end разработчик

Платформа қолжетімді

visitastana.kz

Қосымшаны жүктеу

Біздің басқа кейстер

Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.

Ұқсас шешім керек пе?

Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз

Жобаны талқылау

Ұқсас жобалар

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ үшін портал әзірлеу
Контрагенттерге, модераторларға және бухгалтерлерге арналған, шарттарға электрондық түрде қол қою мүмкіндігі бар жеке кабинеттер
108
EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан павильонының мобильді қосымшасын әзірлеу
Виртуалды туры және іс-шаралар күнтізбесі бар Қазақстан павильонының ресми қосымшасы
99
Rise Residence тұрғын үй кешеніне арналған VR-қосымша
Тұрғын үй кешенін таныстыруға арналған виртуалды тур және интерактивті теннис корты
79
Astana International Forum (AIF) халықаралық форумына арналған сайт әзірлеу
Жылдам тіркелу және тікелей трансляциялары бар форумға қашықтан қатысуға арналған цифрлық платформа
135