Astana International Forum (AIF) халықаралық форумына арналған сайт әзірлеу

Жылдам тіркелу және тікелей трансляциялары бар форумға қашықтан қатысуға арналған цифрлық платформа

Міндет

Astana International Forum — жаһандық сын-қатерлер бойынша халықаралық диалог пен идея алмасуға арналған алаң. Форумның ұйымдастырушысы әрі тапсырыс берушісі — лондондық Project Association компаниясы. Сайтты клиенттің брендбугіне сәйкес қысқа мерзімде әзірлеп, іске қосу қажет болды.

Сын-қатерлер

  • Клиенттің брендбугі бойынша сайтты қысқа мерзімде әзірлеу.
  • Қатысушыларды тіркеуді және шақыруларды автоматты түрде таратуды баптау.
  • Астанаға жеке келе алмайтын адамдарға іс-шараға қолжетімділік беру.
  • Форум кезінде сайтты DDoS-шабуылдардан, спамнан және зиянды трафиктен қорғау.

Не істедік

Дизайн мен құрылымды Project Association талаптарына сәйкес орындадық.

Email-шақырулары бар тіркеуді баптадық. Авторизациядан өткен әр қатысушы SMTP-таратылымы арқылы электрондық поштаға автоматты түрде шақыру алады.

Онлайн-трансляцияны қостық. Пайдаланушылар форумның 40-тан астам панельдік сессиясы мен пікірталасына қашықтан қатыса алады.

Әкімшілік панель құрдылды. Сайт контентін ыңғайлы басқару үшін Laravel Nova негізінде жасалды.

Сайтты қорғау қамтамасыз етілді. DDoS-шабуылдардан қорғау фреймворктерімен интеграция, SSL-сертификат, зиянды трафик пен спамды бұғаттау.

Бұл қалай жұмыс істейді

  1. Қатысушы форум сайтында тіркеледі.
  2. Жүйе оған email-шақыруды автоматты түрде жібереді.
  3. Форум күні қатысушы сайтқа кіріп, қызықтыратын сессияны таңдайды.
  4. Орналасқан жеріне қарамастан панельдік сессияны немесе пікірталасты нақты уақыт режимінде көреді.

Нәтиже

Форум қатысушыларды офлайн және онлайн форматта біріктірді: 40-тан астам панельдік сессия мен пікірталас сайттағы трансляция арқылы қашықтан қолжетімді болды.

Әзірлеу мерзімі қысқа болғанына қарамастан, сайт уақытында іске қосылды.

Іс-шара кезінде сайт жүктемеге төтеп беріп, шабуылдардан қорғалды.

Технологиялар

  • FrontendNext.js 13, React
  • Backend және әкімшілік панельLaravel Nova
  • ҚауіпсіздікSSL, DDoS-шабуылдардан және спамнан қорғау
  • ТаратылымSMTP

Платформа қолжетімді

astanainternationalforum.org

Қосымшаны жүктеу

Біздің басқа кейстер

Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.

Ұқсас шешім керек пе?

Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз

Жобаны талқылау

Ұқсас жобалар

102 қызметінің мобильді қосымшасын жаңғырту
Геолокацияны автоматты түрде жіберетін чат арқылы полиция шақыру, eGovMobile және банк қосымшаларында қолжетімді
960
«ҚазАгроҚаржы» АҚ үшін мобильді қосымша әзірлеу
ERP, Aitu Passport және Camunda интеграциясы арқылы техниканы QR-кодпен түгендеу және тексеру
94
Green Clinic медициналық орталығы сайтының редизайны
Қызметтерді ыңғайлы іздеу, онлайн жазылу және Telegram-боты бар клиника сайтының редизайны
87
Kazakhmys үшін қауіпсіздік техникасын оқытуға арналған VR-бағдарлама әзірлеу
Шахтадағы апат кезіндегі іс-қимылды қауіпсіз виртуалды ортада пысықтау
93