«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ үшін портал әзірлеу

Контрагенттерге, модераторларға және бухгалтерлерге арналған, шарттарға электрондық түрде қол қою мүмкіндігі бар жеке кабинеттер

Міндет

Әуежайға жария оферта арқылы кіріс әкелетін шарттарды жасасуды автоматтандыруға арналған платформа қажет болды. Мақсат — шарт жасасу мерзімін қысқарту және әлеуетті клиенттер санын арттыру.

Не істедік

Контрагенттерге, модераторларға, мамандарға және бухгалтерлерге арналған жеке кабинеттер әзірленді. Әр рөл порталдың өз бөлігінде жұмыс істейді.

Шарттарға электрондық түрде қол қою іске асырылды. Контрагенттер кеңсеге бармай және қағаз құжат айналымын қолданбай-ақ шарттарды онлайн жасайды.

Құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылды. Барлық шарт бір жерде, өзгерістер тарихы мен мәртебесімен бірге сақталады.

Жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін басты бетке видео-нұсқаулық қосылды.

Нәтиже

Контрагенттер кеңседен шықпай-ақ шарттарды онлайн жасайды, бұл оларды рәсімдеу мерзімін қысқартты.

Шарттарды есепке алудың бірыңғай жүйесі мәртебе мен өзгерістер тарихын қадағалауды жеңілдетті.

Технологиялар

  • FrontendReact.js
  • BackendLaravel

Қосымшаны жүктеу

Біздің басқа кейстер

Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.

Ұқсас шешім керек пе?

Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз

Жобаны талқылау

Ұқсас жобалар

Kazakhstan.travel туристік порталын әзірлеу
Турлар мен гидтер маркетплейсі және қонақүйлерді онлайн брондауы бар бірыңғай цифрлық платформа
76
e-SEN.kz санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау платформасын әзірлеу
Санитариялық-эпидемиологиялық нысандарды және елге әкелінетін тауарларды бақылаудың бірыңғай жүйесі
78
eQonaq мобильді қосымшасы мен веб-платформасын әзірлеу
Шетелдік туристерді көші-қон полициясына бармай тіркеуге арналған қонақүйлер мен жеке тұлғаларға арналған жүйе
85
Kazakhmys үшін қауіпсіздік техникасын оқытуға арналған VR-бағдарлама әзірлеу
Шахтадағы апат кезіндегі іс-қимылды қауіпсіз виртуалды ортада пысықтау
93