Kazakhstan.travel туристік порталын әзірлеу

Турлар мен гидтер маркетплейсі және қонақүйлерді онлайн брондауы бар бірыңғай цифрлық платформа

Міндет

Kazakhstan.travel — Қазақстанның демалыс, маршруттар және елдің туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат беретін ресми туристік порталы. Порталды жаңғыртып, оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ туристік өнімдердің жаңа маркетплейсі арқылы функционалын кеңейту қажет болды.

Сын-қатерлер

  • Туристке бағыт таңдаудан бастап құжаттарды дайындауға дейінгі сапарды бір жерден жоспарлауға көмектесу.
  • Туристік өнімдерді: турлар, тұрғын үй, билеттер және жалға беру қызметтерін тікелей портал арқылы сатуды ұйымдастыру.
  • Сайттың барлық құрылғы түрлерінде дұрыс жұмысын қамтамасыз ету.

Не істедік

Сапарды жоспарлауға арналған бөлімдер әзірленді. «Не істеуге болады» — демалыс пен іс-шараларды таңдау, «Қайда баруға болады» — өңірлер мен қалалар туралы ақпарат, «Сапарды жоспарлаңыз» — визалық режим, валюта бағамы және ауа райы.

Гидтер каталогы жасалды. Гидтер тілдік дағдылары мен мамандануына қарай сұрыпталған, анкеталары мен турлардан түсірілген фотосуреттері бар.

Кәдесыйлар дүкенін және туроператорларды тікелей порталдан таңдауды қостық.

Туристік өнімдер маркетплейсін әзірледік. Пайдаланушы туристік маршруттарды сатып алады, тұрғын үйді брондайды, елорданың туристік нысандарына билеттер алады, автокемпингтер мен автокөлік жалдау қызметтерін таңдайды.

Портал компьютерлерде, планшеттерде және смартфондарда дұрыс көрсетіледі.

Нәтиже

Турист бірнеше түрлі сервиске жүгінбей-ақ сапарын жоспарлайды, гид табады және туристік өнімдерді сатып алады.

Портал Қазақстан туралы ақпарат көзі ғана емес, турлар, тұрғын үй және қызметтер сатып алуға арналған алаңға айналды.

Технологиялар

  • BackendPHP, MySQL
  • FrontendBootstrap (HTML, CSS, JS)
  • Құжаттарды генерациялауmPDF

Платформа қолжетімді

kazakhstan.travel

Қосымшаны жүктеу

Біздің басқа кейстер

Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.

Ұқсас шешім керек пе?

Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз

Жобаны талқылау

Ұқсас жобалар

RES 2026 халықаралық саммитіне арналған ресми сайт әзірлеу
Халықаралық деңгейде деректерді қорғауды қамтамасыз ететін аккредиттеу жүйесі бар сайт
104
Ailand ойын-сауық орталығына арналған мобильді қосымша әзірлеу
Билет сатып алу, жеке кабинет және бонустық бағдарламасы бар ойын-сауық орталығының қосымшасы
82
Блокчейн-платформа негізіндегі Smerse мобильді қосымшасын әзірлеу
Америкалық серіктестерге арналған Metamask, Google Maps, Apple Watch және Apple Wallet интеграциясы бар қосымша
74
Инновациялық және профилактикалық медицина институтына арналған сайт әзірлеу
Дәрігерлер профильдері және адаптивті дизайны бар институттың цифрлық өкілдігі
831