RES 2026 халықаралық саммитіне арналған ресми сайт әзірлеу
Халықаралық деңгейде деректерді қорғауды қамтамасыз ететін аккредиттеу жүйесі бар сайт
Міндет
QazExpoCongress корпоративтік қоры Астанада RES 2026 халықаралық экологиялық саммитін өткізеді. Қатысушылар тіркеліп, растау алатын, ал ұйымдастырушылар өтінімдерді өңдеп, сайтты басқаратын платформа қажет болды.
Талаптар: саммитке екі ай қалғанда іске қосу, үш тіл, тапсырыс берушінің ішкі жүйесімен интеграция.
Сын-қатерлер
- Тіркеу мен аккредиттеуді ұйымдастырушының жүйесімен синхрондау.
- Жеке деректерді қорғау және жүктеме кезінде жүйенің тұрақты жұмысын сақтау.
- Ұйымдастырушыларға әзірлеушілердің көмегінсіз контентті басқаруға мүмкіндік беру.
- Халықаралық аудитория үшін үш тілді қолдауды және кез келген құрылғыда жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
Не істедік
Тіркеу мен аккредиттеуді бір формаға біріктірілді. Қатысушының деректері мен мәртебесін ұйымдастырушы бірден көреді.
Өтінімдерді қолмен тексеру жойылды. Мәртебелер екі жүйеде де автоматты түрде жаңартылады.
Ұйымдастырушыларға сайтты өздігімен толық басқару мүмкіндігін бердік. Бағдарлама, жаңалықтар мен бөлімдерді әзірлеушілерге жүгінбей-ақ өзгертуге болады.
Үш тілдік нұсқа жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдері — кез келген құрылғыда.
Қатысушылардың деректерінің қауіпсіздігі сенімді қамтамасыз етілді. SSL, TLS 1.2, DDoS-шабуылдардан қорғау және резервтік көшірмелер.
Сайт индекстеуге дайындалды. Беттер құрылымы мен метатегтерді баптадық.
Бұл қалай жұмыс істейді
- Қатысушы сайттағы форманы толтырады.
- Деректер ішкі аккредиттеу жүйесіне жіберіледі.
- Ұйымдастырушы өтінімді тексеріп, мәртебе береді.
- Мәртебе екі жүйе арасында синхрондалады.
- Қатысушы электрондық поштаға хабарлама алады.
- Жүйеге кіргеннен кейін қатысушыға жабық материалдар мен жеке бағдарламасы қолжетімді болады.
Нәтиже
Ұйымдастырушылар іс-шараны ашық түрде бақылау мүмкіндігіне ие болды: қанша өтінім түскені және әр өтінімнің қай кезеңде тұрғаны кестелерді қолмен салыстырмай-ақ көрінеді.
Сайттағы барлық өзгерісті ұйымдастырушылар өздері енгізеді.
Қатысушылар түсінікті интерфейс арқылы өзіне ыңғайлы тілде тез тіркеліп, растауды кідіріссіз алады.
Платформа саммит басталар алдындағы тіркеудің шарықтау кезеңіндегі жүктемеге төтеп берді.
Технологиялар
- BackendPHP, Laravel
- FrontendReact.js, HTML5, CSS3
- ДерекқорMySQL
- ИнфрақұрылымLinux, SSL, TLS 1.2, DDoS-шабуылдардан қорғау, резервтік көшіру
Команда
-
АдемаПроектный менеджер
-
ИванBackend-разработчик
-
АндрейBackend-разработчик
-
НуркелдиFrontend-разработчик
-
АмирТестировщик
-
АртемUX/UI Дизайнер
Платформа қолжетімді
res.caclimate.fundҚосымшаны жүктеу
Біздің басқа кейстер
Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.
Кейспен бөлісу
Ұқсас шешім керек пе?
Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз
Жобаны талқылау