Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталының жарнамалық науқаны
Катар және Сауд Арабиясы нарықтарына арналған креативтер, видеороликтер және медиада ілгерілету
Міндет
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-на Қазақстанның туристік әлеуетін Катар мен Сауд Арабиясының аудиториясына танытып, пайдаланушыларды Kazakhstan.travel порталына бағыттау қажет болды.
Сын-қатерлер
- Араб елдеріндегі жарнамаға қойылатын шектеулерді ескеру: діни және мәдени нормаларды сақтау, сондай-ақ Сауд Арабиясының мемлекеттік туын жарнама материалдарында пайдаланбау.
- Әртүрлі форматтағы ағылшын тіліндегі материалдарды дайындау.
- Үш түрлі жарнама алаңында — видеохостингте, баннерлік желілерде және әлеуметтік желілерде — жоспарланған 15,5 млн көрсетілім көлемін орындау.
Не істедік
«Kazakhstan: Love at first Steppe» негізгі коммуникациялық хабары негізінде креативтер әзірледік.
9 баннер және 4 видеоролик дайындадық. Оның ішінде Катар үшін 4 баннер, Сауд Арабиясы үшін 5 баннер, сондай-ақ әр елге 2 видеороликтен әзірленді.
Сауд Арабиясының аудиториясына арналған жеке сюжеттер әзірледік: сұңқармен аң аулау, Астана және таудағы киіз үй.
Екі елге геотаргетингпен жарнамалық науқандарды іске қостық. Жарнама YouTube, Google Display Network, Facebook және Instagram платформаларында орналастырылды.
Көрсетілімдерге талдау жүргіздік: өңірлер, жыныс, жас, құрылғы түрлері және креативтер бойынша нәтижелерді зерттедік.
Нәтиже
Жарнамалық науқанның нақты көрсетілім көлемі 16,1 млн-нан асты: YouTube-та — 6,5 млн, Google Display Network желісінде — 6 366 045, Facebook пен Instagram-да — 3 329 301 көрсетілім.
Катардағы негізгі аудиторияны 25–44 жас аралығындағы ер адамдар құрады. Сауд Арабиясында YouTube аудиториясының негізгі бөлігі 18–24 жастағылар болса, Google Display Network желісінде 25–34 жас аралығындағы ер адамдар басым болды.
YouTube-та көрсетілімдердің басым бөлігі теледидар құрылғыларына тиесілі болды, ал жарнамаға өтулер көбіне мобильді құрылғылардан жасалды. Қалған арналарда да мобильді құрылғылар негізгі үлесті құрады.
Қосымшаны жүктеу
Біздің басқа кейстер
Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.
Кейспен бөлісу
Ұқсас шешім керек пе?
Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз
Жобаны талқылау