Kutty Meken – бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің бірлескен жобасы. Қосымша "eQonaq" жүйесі негізінде жасалған және этникалық қазақтарға смартфон арқылы бірден "қандас" мәртебесін алуға көмектеседі!
Қосымша арқылы тек қандас мәртебесін алып қана қоймай, "Ата жолы" картасын да рәсімдеуге болады.
Ыңғайлылық: Енді өтінім беру үшін Қазақстанға келудің қажеті жоқ – барлығы онлайн!
Уақыт үнемдеу: Құжаттар бұрынғыдан да жылдам өңделеді.
Қолжетімділік: Қосымша Android және iOS платформаларында қолжетімді – Play Market пен App Store-дан жүктеп алыңыз.
Алдағы жоспарлар:
Біз жеткен жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Этникалық қазақтардың өмірін одан әрі жеңілдететін тағы 11 сервисті қосу жоспарда бар!