eFish.kz платформасы: Қазақстанның балық шаруашылығын цифрландыру
Балық шаруашылығы субъектілеріне арналған электрондық есептілік, кәсіпшілік журналдар және су айдындарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
Міндет
Жоба ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің сұранысы бойынша Қазақстандағы балық аулауды есепке алу және бақылау жүйесін құруға бағытталды. Балық шаруашылығы субъектілері мен мемлекеттік органдарды бір жүйеге біріктіріп, қағаз есептілікті электрондық форматқа ауыстыру және мемлекетке су биоресурстарын пайдалануды ашық бақылау мүмкіндігін беру қажет болды.
Сын-қатерлер
- Қағаз кәсіпшілік журналдарды балық түрлері бойынша аулауды цифрлық есепке алумен алмастыру.
- Айлық және жылдық есептерді, соның ішінде «нөлдік» есептерді тапсыруды автоматтандыру.
- Жүйеге тек кеңседен ғана емес, инспекторлар мен балықшыларға дала жағдайында да қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- Сервистің 24/7 режимінде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
Не істедік
Электрондық кәсіпшілік журналын әзірледік. Балық аулау бригадалары ауланған балық көлемін түрлері бойынша цифрлық форматта тіркейді.
Есептілік автоматтандырылды. Балық шаруашылығы субъектілері 1-рх нысанын және басқа есептер мен құжаттарды ЭЦҚ-мен қол қойып онлайн тапсырады.
Субъектінің жеке кабинеті жасалды Профильді басқаруға, су айдындарын байланыстыруға және бригадаларды тіркеуге жеке кабинет пен кеңседе де, аулау орындарында да жұмыс істеуге арналған мобильді шешімдер арқылы қолжетімділік бердік.
Үш желіден тұратын техникалық қолдау ұйымдастырдық. Пайдаланушылар WhatsApp және телефон арқылы кеңес алады, ал күрделі техникалық сұрақтарды жеке қолдау желісі шешеді.
Тоғыз жеке кабинет жасалды. Сала субъектісіне, мемлекеттік органның қызметкері мен басшысына, қауымдастыққа, ЖАО-ға, ТИР-ға, әкімшіге және СПП әкімшісіне арналған. Әр рөл өз бөлімінде жұмыс істейді.
Алты мемлекеттік жүйемен интеграцияны баптадық: elicense, ЖТ/ЗТ МДҚ, ЕРАП, ЕРСОП, ЕАСУ АЖ және «е-Штрафы» АЖ. Деректер қолмен енгізусіз және қағаз құжаттарсыз автоматты түрде жүктеледі.
Бұл қалай жұмыс істейді
- Балық аулау бригадасы аулау көлемін электрондық кәсіпшілік журналда тіркейді.
- Балық шаруашылығы субъектісі есепті қалыптастырып, ЭЦҚ арқылы қол қояды.
- Деректер автоматты түрде есепке алу жүйесіне түседі.
- Мемлекеттік орган нақты уақыт режимінде аулау көлемін және әр субъектінің мәртебесін көреді.
- Квота асып кеткен жағдайда жүйе рұқсат құжаттарын беруді бұғаттайды.
Нәтиже
Сала қағаз есептіліктен бас тартты.
Мемлекет бүкіл ел бойынша су биоресурстарын пайдалануды ашық бақылау құралына ие болды.
Жүйеде салаға қатысушылардың 100%-ы — балық шаруашылығы мен аквакультураның 1210 субъектісі тіркелген. Толассыз бақылауды енгізу нарықтағы өнімнің көлеңкелі айналымын барынша азайтуға көмектесті.
Жүйе су ресурстары мен сала қатысушыларын есепке алуға және паспорттауға мүмкіндік береді.
Технологиялар
- BackendPHP, Laravel
- FrontendVue.js
Команда
-
НуркенПроектный менеджер
-
ИльяDevops
-
ЖанBackend
-
АбылайBackend
-
АндрейBackend
-
ТогжанBackend
-
ЕгорBackend
-
ИванBackend
-
ҒалымжанBackend
-
ВячеславBackend
-
АлишерMobile Development
-
АленMobile Development
Платформа қолжетімді
efish.kzҚосымшаны жүктеу
Біздің басқа кейстер
Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.
Кейспен бөлісу
Ұқсас шешім керек пе?
Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз
Жобаны талқылау