Біз «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ үшін газды бөлшек саудада өткізуге арналған электрондық шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеудің II кезеңін сәтті аяқтадық.
I кезең: коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушыларға, өнеркәсіптік инвестор-тұтынушыларға немесе электр станциялары, ірі коммерциялық тұтынушылар және цифрлық майнингпен айналысатын тұлғалар тізіміне енгізілген тұтынушыларға арналған шарттар бойынша бағаны өзгерту туралы қосымша келісімдерді жасасу процесін іске асыру.
Жүйе бөлімдері мен элементтерінің дизайнын әзірлеу;
Қызметкер мен Тұтынушының жеке кабинеттерінің функционалын жасау;
Өзгерістер тарихын сақтай отырып, өңделетін анықтамалықтар құру;
Тапсырыс берушінің қолданыстағы есеп жүйелерінен белсенді газ сату шарттарын Жүйеге жүктеу;
Алдын ала жасалған шарттарға бағаны өзгерту туралы электрондық қосымша келісімдерді жасасу функционалын әзірлеу;
Шарттарды қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қолдауын енгізу.
II кезең: eDogovor ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейту – электрондық шарттарды жасасу функционалын әзірлеу:
Шарттардағы келісім маршрутын баптау функциясын әзірлеу;
Келісімге жауапты тұлғалар үшін жаңа рөлдер қосу;
Жаңа шартқа өтінім беру функционалын әзірлеу;
Құжаттарды параллель келісу мүмкіндігін қосу;
Электрондық шарттардың шаблондарын версткалау және қосу;
Электрондық шарттарды толтыру және қол қою функционалын әзірлеу;
«Келісім маршруттары» жаңа анықтамалығын қосу және баптау;
«ҚР Банктері» жаңа анықтамалығын қосу және баптау.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ үшін «eDogovor» ақпараттық жүйесін әзірлеу жұмыстарының нәтижесінде электрондық шарттар мен қосымша келісімдерді жасасу және мониторинг жүргізу процесі сәтті жүзеге асырылды. Жобаның бірінші кезеңінде жүйенің негізгі элементтері, атап айтқанда интерфейстер мен бөлімдердің дизайны, қызметкерлер мен тұтынушылар үшін функционал, анықтамалықтарды өңдеу және қолданыстағы жүйелерден деректерді автоматты түрде жүктеу мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қолдауын енгізу қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етті.
Екінші кезеңде жоба электрондық шарттарды жасасуға арналған жаңа мүмкіндіктермен кеңейтілді. Оған келісім маршруттарын баптау, келісушілерге жаңа рөлдер қосу, жаңа шартқа өтінім беру және құжаттарды параллель келісу мүмкіндіктері енді. Электрондық шарттардың шаблондары әзірленіп, енгізілді. Сондай-ақ «Келісім маршруттары» және «ҚР Банктері» анықтамалық жүйелері жаңартылып, жүйенің мүмкіндіктері мен ыңғайлылығы едәуір артты. Бұл жаңартулар келісу және шарт жасасу процесінің икемділігін қамтамасыз етті.
Осылайша, «eDogovor» ақпараттық жүйесін әзірлеу жобасы сәтті аяқталып, «QazaqGaz Aimaq» АҚ үшін электрондық шарттарды жасасу және мониторинг жүргізу бойынша заманауи, қауіпсіз және ыңғайлы платформа қамтамасыз етілді.