CityPass бірыңғай туристік абонемент порталының әзірлемесі

Туристерге арналған бірыңғай абонемент, жолсілтеме және қонақүй брондауы — бір сайтта

Міндет

CityPass — қаланың көрікті жерлеріне, музейлеріне және экскурсияларына еркін кіруге арналған бірыңғай абонемент. Турист абонемент сатып алып, қонақүй брондап және қала туралы ақпаратты бір жерден ала алатын сайт қажет болды.

Не істедік

Astana Pass абонементін сатып алу бөлімін әзірледік. 11 көрікті жерге еркін кіру, экскурсиялар және автобуспен тегін сапарлар — өтінім тікелей сайтта рәсімделеді.

«Қайда баруға болады» бөлімін жасадық. Туристер пікірлері бар тегін және ақылы демалыс орындары.

«Туристке» бөлімін әзірледік — ел, валюта, құжаттар, ауа райы және көлік туралы электрондық анықтамалық, такси шақыру мүмкіндігімен.

Сайтты қазақстандық «Тикетон» билет сату жүйесімен интеграцияладық.

Нәтиже

Туристер бірнеше бөлек сервиске жүгінбей-ақ сапарды жоспарлаудың бірыңғай құралына — абонемент сатып алудан такси шақыруға дейін — ие болды.

CityPass абонементі келушілерге көрікті жерлерге барғанда уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Технологиялар

  • CMSWordPress
  • BackendPHP
  • КітапханаjQuery
  • Интеграция«Тикетон» билет сату жүйесі

Платформа қолжетімді

citypass.kz

Қосымшаны жүктеу

Біздің басқа кейстер

Жобаларымызды жақынырақ көру және жұмыс тәсіліміз туралы көбірек білу үшін Behance және басқа платформаларға кіріңіз.

Ұқсас шешім керек пе?

Бізге тапсырма туралы айтыңыз-біз егжей-тегжейлерді зерттеп, мерзімдерін бағалаймыз

Жобаны талқылау

Ұқсас жобалар

Astana International Forum (AIF) халықаралық форумына арналған сайт әзірлеу
Жылдам тіркелу және тікелей трансляциялары бар форумға қашықтан қатысуға арналған цифрлық платформа
106
ҚазГЮУ университетіне арналған SmartKazGUU мобильді қосымшасы мен веб-платформасын әзірлеу
Оқу ақысын төлеу, өтініш беру және сабақ кестесі — 1С және Platonus АЖ интеграциясы бар бір қосымшада
77
e-SEN.kz санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау платформасын әзірлеу
Санитариялық-эпидемиологиялық нысандарды және елге әкелінетін тауарларды бақылаудың бірыңғай жүйесі
65
«QazaqGaz Aimaq» АҚ үшін eDogovor ақпараттық жүйесін әзірлеу
Газды бөлшек саудада өткізу шарттарын ЭЦҚ қолдауымен электрондық түрде жасасу және келісу
85