Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) — үлгілік шарттармен жұмыс істеуге арналған ішкі портал.
ҚБЕО екінші деңгейлі банктерге банкаралық ақша аударымдары бойынша қызмет көрсетеді.
Жобаның мақсаты – ҚБЕО мен екінші деңгейлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және басқа да мекемелердің өзара әрекеттесуін автоматтандыру. Портал енгізілгеннен кейін үлгілік шарттарды келісу және қол қою процесі толықтай электрондық форматқа көшірілді, ал құжаттардың түпнұсқалығын электрондық цифрлық қолтаңба қамтамасыз етеді.
Жобаны жасау үшін backend бөлігіне PHP тілі негізінде Laravel framework-і және frontend үшін VueJS прогрессивті framework-і пайдаланылды. Жоба аясында 12 шарт пен олардың қосымшаларын жасасу бойынша барлық ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, бизнес-процестер автоматтандырылды.
Ұлттық куәландыру орталығымен (ҰКО ҚР) интеграциялық өзара іс-қимылдың арқасында қарсы тараптар шарттарға қол қоя алады, ал электрондық-цифрлық қолтаңба құжаттарға ұйым қызметкерлері мен басшылары тарапынан сенімді түрде қол қою процесін қамтамасыз етеді. Жүйеде әрбір рөлге жеке құралдар мен мүмкіндіктер жиынтығы бар жеке кабинет қарастырылған.