Корпоративтік
портал
М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті — 4 мектепті қамтитын жоғары оқу орны: Жоғары гуманитарлық мектеп (ЖГМ), Құқық жоғарғы мектебі (ҚЖМ), Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ) және Бизнес-мектеп.
www.kazguu.kz
Жобаның мақсаты:
М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің миссиясы – сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет ету.
Сапалы білім – бұл халықаралық стандарттарға сай, қазіргі еңбек нарығының талаптарына жауап беретін білім.

Сайт туралы:
Біздің серіктестігіміз кезеңінде команда негізгі www.kazguu.kz сайтын және 8 ішкі сайтты әзірледі.

Сайт туралы:
Негізгі сайтта келесі модульдер бар: жаңалықтар модулі, хабарландырулар модулі, талапкерлерді оқуға тіркеу модулі (өтініштерді PDF форматқа түрлендірумен), түлектердің дипломдарын тексеру модулі, білім алушыларға қызмет көрсету орталығының модулі. Сайтта университет түлектерінің мемлекеттік және жеке үлгідегі дипломдары мен деректері орналастырылған. Әр түлекке тиесілі дипломдар жинағы (2018 жылдан бастап) жеке үлгідегі дипломда орналасқан QR-код арқылы қолжетімді.
Цифрлық дипломдар:
Диплом нөмірі мен студенттің ЖСН-і бойынша іздеу мүмкіндігі де қолжетімді. Әкімшілік панельге студенттер тізімін импорттау және дипломдарға орналастыру үшін QR-кодтарды генерациялау функциялары ендірілген.


Технологиялар:
Жоба жасау үшін PHP бағдарламалау тіліне негізделген Wordpress CMS қолданылды, дерекқор сервері — MySQL. Bootstrap — бұл HTML, CSS және JS фреймворкі. mPDF — HTML кодынан UTF-8 кодировкасында PDF файлдарын жасайтын PHP кітапханасы.
